19.08.2019

 

Елбасы өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты былай деп атап көрсеткен  болатын: «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстаннның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің  бірі бола аламыз. Бұл әсіресе экологиялық таза тағамадарға қатысты. «Made in Kazakhstan» сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс». 

        

Міне осыған орай Батыс Қазақстан облысы  ауылшаруашылығы саласы дамыған және ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін шет елдерге шығару бойынша еліміздегі экспорттық әлеуеті жоғары облыстардың бірі. Осы бағытта ең алдымен экспортқа шығарылатын аумақтың эпизотологиялық тұрақтылығы жергілікті ветеринар мамандардың біліктілігіне байланысты.       

       

Оны арттырудағы мақсат: дүниежүзілік сауда ұйымына енген Қазақстанның ветеринар мамандарының әлемдік экономикалық бәсекелестегі қабілеттілігін жетілдіру, біліктілігін арттыру.

        

Бұл мәселені жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Батыс Қазақстан облысы бойынша оның филиалы «Ветеринариялық-санитариялық  қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында 24 сағаттық біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

        

Семинар барысында жаңа технологиялар қолданылып, практикалық бөлімдері «Республикалық ветеринариялық зертхана», мал сою пункттері, ет өңдеу кәсіпорындары, шаруа қожалықтары негізінде өтті. Семинар аяқталған соң тиісті үлгідегі сертификат берілді.  

      

Бұл семинардан күтілетін нәтиже – Батыс Қазақстан облысы аумағында эпизоотологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, дүниежүзілік сауда ұйымына енген Қазақстанның ветеринар мамандарының әлемдік экономикалық бәсекелестегі қабілеттілігін арттыру, біліктілігін жетілдіру, оларды құқықтық оқыту, теориялық және практикалық тәжірибе алмасу, сонымен қатар барлық ветеринариялық мекемелердің мамандарын ортақ сала- ветеринария мамандығын жан-жақты таныстыру арқылы осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтау, шешу жолдарын талқылау, ұсыныстар беру, өзара бірлескен жедел іс-қимылдарды жетілдіру.               

      

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы қала, аудаң және ауылдық округтер бойынша мамандарының қатысуымен 2018 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасында ветеринария саласы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында курстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 20-ның үстінде ветеринар мамандар біліктілігін арттырды. Бұндай  курстар әлі де өз жалғасын таба беретін болады.

     

Батыс Қазақстан облысы ветеринария саласының мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің мал шаруашылығын өркендетуге, ветеринариялық жұмыстарды  табысты орындау жөніндегі тапсырмаларын  орындай отырып, олардың сапалы  болуына қол жеткізуге бағытталған шараларды өз деңгейінде атқара түсетініне сеніміміз мол.      

       

Қ.Өтеғалиев-Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.