Жаңалықтар

Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.

Бруцеллез ауруы әлемдік деңгейде белең алған жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауру. Бруцеллез ауруымен әуелі ешкі, қой, сиыр, шошқа ауырып кейін үй жануарларының басқа түрлері мен тіпті жабайы жануарлар, құстар мен түрлі жәндіктер де ауыратындығы дәлелденді.

20.11.2019

Париж қаласындағы (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің 60-шы отырысы өтті.
Отырыс бағдарламасында дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелері қаралды.

31.10.2019

2019 жылдың 31 қазан күні Шыңғырлау ауданының Мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы Манкеевтің төрағалығымен ветеринария саласындағы өзекті мәселелер туралы семинар кеңес оздырылды. Семинар кеңеске аудан әкімдерінің орынбасарлары, ғалымдар,  ветеринария саласының басшылары мен мамандары қатысты.

31.10.2019

 

2019 жылдың 31 қазан күні Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округінде ветеринариялық пункт ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысы әкімнің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

31.10.2019

 

2019 жылдың 31 қазан күні Шыңғырлау ауданында ветеринария саласындағы өзекті мәселелер туралы оздырылған облыстық семинар кеңес Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессорлары Ғ.Ғ. Абсатиров пен М.Ш. Шалменовтің практикалық дәрістеріне ұласты.